Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстанда жел электр станциясын құру бойынша алғашқы тендер жарияланды
12:11 / 2020-04-16

Тендер аясында жалпы қауты 1 ГВт болатын ЖЭС салу бойынша ынтымақтастық туралы келісім жүзеге асырылады


Өзбекстандағы алғашқы ЖЭС салу жобасына қатысуға мүдделі инвесторлар өтінімдерді 2020 жылдың 13 мамырына дейін тапсыра алады.

Қарақалпақстан Республикасының «Қараөзек» ауданында құрылуы жоспарланған ЖЭС жобалық тендері екі кезеңнен тұрады. Бұл Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен өтетін болып, онда жалпы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу бойынша ынтымақтастық туралы келісім жүзеге асырылады.

Сонымен қатар алғашқы ЖЭС салынатын аймаққа жақын жерде жалпы қуаттылығы 200 МВт болатын ЖЭС салуда көзделген. Бұл жобаныда жүзеге асыру үшін осы секілді тендер өтпек. Ол Өзбекстан Үкіметінің баламалы энергия көздерін тарту жөніндегі кешенді стратегиясының бөлігі болып табылып, стратегияда елдегі экономикалық жағынан адымдап келе жатқан электр энергиясын тұтынуын қанағаттандыру үшін алдағы 10 жыл ішінде қуаттылығы 3 ГВт дейін болатын жел электр станцияларын салу қарастырылған

Энергетика министрлігі, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту агенттігі тәуелсіз электр энергиясын өндірушілерді осы жоба шеңберінде объектілерді дамытуға, қаржыландыруға, салуға, иелік етуге және пайдалануға қатысуға шақырады.