Өзбекстанда жеке тұлғалардың банктердегі салымдарының көлемі артты
Орталық банк мәліметіне сәйкес, 1 қарашадағы жағдай бойынша Өзбекстанда жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі 206,5 триллион сумды құраған.
8 ай қатарынан өскен азаматтардың банктердегі депозиттері алғаш рет 0,12 пайызға төмендеген.
Хабарда айтылуынша, депозиттердің азаюына заңды тұлғалардың шотындағы қаражаттың 152,3 триллион сумнан 150,3 триллион сумға дейін азаюы себеп болған. Сондай-ақ жеке тұлғалардың банктердегі салымдарының көлемі 54,5 триллион сумдан 56,2 триллион сумға дейін өскен.
Сондай-ақ, банктер бөлген несиелер сомасы ағымдағы жылдың 1 қарашасында 375 триллион сумға жеткен. Оның ішінде жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 94 триллион сум, ал заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 281 триллион сумды құрауда.