Өзбекстанда жедел жәрдем көліктеріне GPS спутниктік бақылау жүйесі іске қосылып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, салаға күрделі ақпараттық жүйелерді енгізу мақсатында бірыңғай зияткерлік шақыру платформасы құрылады. Бұл ретте қызмет көрсететін көліктер үшін GPS негізіндегі спутниктік бақылау жүйесі іске қосылып жатыр.
Хабарда айтылуынша, бүгінде бір шұғыл шақырту үшін дәрі-дәрмекке бөлінген сома 8000 сумды құрайды. Сондай-ақ арнайы көліктер паркі 60-70 пайызға жаңартылды. 8 жылдан астам қолданыста болған көліктерді заманауи көліктерге ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. 7 жылда жедел жәрдем көлігінің саны 24-тен 500-ге дейін өсті. Атап айтқанда, 2023 жылы Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығына «Jizzakh Auto» кәсіпорны шығарған 337 «Volkswagen Caddy» автокөлігі тапсырылды.
Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жедел жәрдемге арналған А класындағы тағы 1000 заманауи көлік сатып алу жоспарланып отыр. Ол үшін Азия даму банкінің жобасы негізінде несие қаражаты бөлінген. Бұл жүйедегі Damas автокөліктерін толығымен жаңартады.
Сондай-ақ, осы саланы дамыту және жүйе қызметкерлерінің қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру мақсатында шалғай және алыс аудандарға, таулы және шөлейт аймақтарға арнайы жол талғамайтын көліктер әкелінеді. 2023 жылы 103 қызметінде бірыңғай байланыс орталығы құрылады.