Өзбекстанда Жастар парламенті құрылады
Бұл – жастардың заң шығару процесіне араласуын арттыру мен олардың икемділігін одан әрі жетілдіру мақсатында жасалмақ
Бұл – жастардың заң шығару процесіне араласуын арттыру мен олардың икемділігін одан әрі жетілдіру мақсатында жасалмақ.
Атаулы бастаманы Өзбекстан Республикасы дамуының 2017-2021 жылдарға арналған бес бастамасы Қарекеттер стратегиясын “Ғылым мен сандық экономиканы дамыту” жылында жүзеге асыру көзделген болып, онда 2020 жылдың 1 маусымына дейін “Олий Мажлис” палаталары Кеңестерінің біріккен жарлық жобасы дайындалады.
Жобада: -Жастар парламентін құру және оның құрамын жасақтау тәртібін белгілеу
-Жастар парламентінің “Олий Мажлис” палаталары комитеттерімен өзара байланысын жолға қою
-Заң жобаларын әзірлеу мен парламенттік бақылауды жүзеге асыру процесіне жастар парламентарийлерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету
Осынау жобаның орындалуына жауапты - Олий Мажлис палаталары (келісім бойынша), Заң шығару мәселелері және парламенттік зерттеулер институтының міндетінде болып, 2020 жылдың 1 наурызына дейін шаралар бағдарламасы жасалады. Бағдарламада депутаттар мен сенаторлардың біліктілігін арттыру бойынша бағдарламаны әзірлеу және оларды жүйелі түрде іске асыру қарастырылған.
Атқарушы органдар - Мемлекеттік басқару академиясы, “Олий Мажлис” палаталары (келісім бойынша), халық депутаттарының облыстық, аудандық және қалалық кеңестері.