Өзбекстанда Жастар ісі жөніндегі агенттік құрылды
Агенттіктің негізгі міндеттері мен қызметі елдегі жастармен байланысты саладағы заңнаманың сақталуын қадағалап, жастарға қатысты стратегиялық бағыттар мен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады
«Өзбекстанда жастар саясатын түбегейлі реформалау және оны жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.
Жарлықтың мазмұнына сәйкес Өзбекстан Республикасы Жастар істері агенттігі және оның Қарақалпақстан Республикасы, облыстар, Ташкент қаласы және аудандарда (қала) бөлімдерін ашу көзделген.
Агенттіктің негізгі міндеттері мен қызметі елдегі жастармен байланысты саладағы заңнаманың сақталуын қадағалап, жастарға қатысты стратегиялық бағыттар мен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының жарлығына байланысты жастар саясатын одан әрі дамыту жөніндегі қосымша шаралар бағдарламасы әзірленіп, онда Өзбекстанның жастар порталын құруды және жастар саясатын бағалаудың ұлттық көрсеткіштерін және жастар заңнамасының мәліметтер базасын құруды қарастырады.
Бағдарламада көзделген іс-шараларды агенттік тікелей қаржыландырады немесе мемлекеттік тапсырыстар түрінде үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен субсидияларды бөлу арқылы жүзеге асырады.