Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жасалған «Volkswagen» автокөліктері шілде айынан сатылымға шығады
14:28 / 2020-06-03

Өзбекстанда «Volkswagen Caddy» атты 7 және 5 орындықты моделі шығады


Германияның «Volkswagen» брендті автокөлік копаниясы Өзбекстанда «Volkswagen Caddy» атты 7 және 5 орындықты моделінің өндірісін осы жылдың шілде айынан бастап жолға қояды.

Әлемдік автокөлік өндірісі нарығында батыс Еуропа және Солтүстік Америкалықтар арасында саудасы кеңінен тараған бұл компаниямен негізгі келісім-шарт екі елдің президенттері арасында жасалған болатын. Содан кейінгі кезеңде «Uzavtosanoat» АҚ мен «Volkswagen Group Rus» компаниялары арасында Өзбекстан нарығына шығатын «Volkswagen Caddy» маркалы көлік таңдалған.

«Volkswagen Caddy» 7 орындықты автокөлігі (5 орындықтысыда бар) жолаушылар мен жүк тасуға арналған түрі бар болып, көлік 110 ат күшіне ие және көлемі 1,6 двигателді құрайтын жанармай үнемдеуші қозғалтқышпен жабдықталады. Қала ішінде 100 км шақырымға 9,3 л. жанармай жұмсаса, тасжолда 100 км-ге 6,1 л жуық сарыптайды.

Автокөлік өндірісі 45 гр алқапты «Жиззах Авто» ЖШС зауытында жолға қойылады. Компанияның жоспары бойынша алғашқы автокөліктер саудасы шілде айынан бастап сатылымға шығады.