Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
16:14 / 2021-12-01

Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде жануарларға қатыгездік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңнамадағы түзетулер 27 қарашада күшіне енді.

Қылмыстық кодекстің 202-1 бабына сәйкес жануарларға қатыгездік көрсету, яғни жануарларды қинауға, немесе мүгедектікке әкеп соғатын зиянды әрекеттер мен өзге де қасақана азаптау 25 еседен 50 есеге дейiнгi АЕК мөлшерінде (6,75 миллионнан 13,5 миллион сумға дейiн) айыппұл салынады німесе 240 сағатқа дейiн мiндеттi қоғамдық жұмыстарға тарту әлде 1 жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстары, не 6 айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не 6 айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 111-бап бойынша (жануарларға қатыгездік көрсету) санкция 27 қарашадан бастап күшейтілді.

Оған сәйкес, жануарларға қатыгездік көрсету, яғни оларды қасақана немесе басқа да жолмен азаптау 3-тен 5 еселенген АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Дәл сол әрекет әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанса, 5-тен 10 еселенген АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.