Өзбекстанда жанармай бағасы арзандады
1 наурызда бастап осы жанармай бекеттерінде дизель отыны арзандаған болатын
Өзбекстанда «Узбекнефтгаз» UNG ұлттық бренд жанармай сатушы бекеттер желісінде АИ-92 маркалы бензин мен Еуропа стандартына сай дизель отынының сатылымы басталды деп хабарлайды компания басшылығы.
1 наурызда бастап осы жанармай бекеттерінде дизель отыны арзандаған болатын. Енді 26 наурыздан бастап АИ-92 маркалы бензин бағасы 6200 сумнан 6000 сумға төмендейді. Тұтынушылар назарына орай, басқа маркадағы бензин бағасыда кезеңімен төмендетіліп отырады делінген хабарламада.
Бағалар статистикасына назар аударсақ «Узбекнефтгаз» UNG ұлттық бренд жанармай сату желілерінің ұсынған бағасы басқа жанармай бекеттеріндегі бағамен салыстырғанда дизель отыны 9 пайыз, бензин АИ-92 маркалы бензин 16,6 пайыз арзан.