Өзбекстанда жан басына шаққандағы баспананың орташа көлемі белгілі болды
Өзбекстан аумағында жан басына шаққандағы әрбір баспананың орташа көлемі белгілі болды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі жан басына шаққандағы орташа тұрғын үй алаңы 18,2 шаршы метрді құрады.
Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда орта есеппен 2,2 шаршы метрге өскен. 2021 жылы 16,0 шаршы метрді құраған.
Хабарда әрбір азаматқа шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі Хорезм облысында екені айтылған– 24,3 шаршы метр. Ең төменгі нәтиже Әндіжан облысында тіркелді - 13,3 шаршы метр.