Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жалпыұлттық конституциялық емтихан өтеді
12:33 / 2021-11-16

2021 жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда жалпыұлттық конституциялық емтихан өтеді.

Әділет министрлігі мәліметіне қарағанда, министрлік Конституциялық сотпен бірлесіп, азаматтардың Конституцияны білу деңгейін тексеру үшін жалпыұлттық конституциялық емтихан өткізбек.

Емтиханға 15 жастан асқан барлық азаматтар қатыса алады және ол ерікті түрде, тегін сонымен қатар барлығына ашық болмақ.

Жоспарға сай емтихан екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 1 желтоқсан күні Ташкент уақытымен сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онлайн режимінде жалғасады. Осы аралықта қатысушыларға 20 тест сұрағы және 1 шығармашылық сұрақ беріледі. Екінші кезең Конституция күні қарсаңында өтіп, онлайн трансляцияланады. Әр қатысушыға 10 сұрақ қойылады. Соңында ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 қатысушы жеңімпаз атанады.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады: 

1 орын – 15 миллион сум; 

2 орын – 10 миллион сум; 

3 орын – 5 миллион сум.