Өзбекстанда жалпы ішкі өнім 5,8 пайызға өсті
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі қазіргі бағалар бойынша 751 триллион сумды құрады.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, бұл орташа бағам бойынша (11 556,2 сум) шамамен 65 миллиард АҚШ долларына тең.
Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға өскен.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққандағы ЖІӨ қазіргі бағамен 20,7 миллион сумды (1 789,5 АҚШ доллары) құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға өскені айтылады хабарламада.