Өзбекстанда жалған нөмірлерден жасалатын телефон қоңыраулары автоматты түрде бұғатталатын болды
Өзбекстанда байланыс операторлары жалған нөмірлер арқылы жасалатын қоңырауларды автоматты түрде бұғаттайтын anti-spoofing жүйесін енгізді.
Бұл туралы Beeline және Mobiuz операторлары хабарлады. Жаңа жүйе Цифрландыру министрлігі бастамасымен әзірленді.
Жүйе арқылы егер қоңырау шетелден жасалса, бірақ нөмір жергілікті форматта — мысалы +998 коды арқылы көрсетілсе, жүйе бұл сәйкессіздікті анықтап, қоңырауды автоматты түрде бөгейді. Осылайша алаяқтар енді шетелден өздерін Өзбекстан абоненті ретінде көрсетіп, азаматтарды адастыра алмайды.
Anti-spoofing қызметі абоненттерге тегін және автоматты түрде қосылады — пайдаланушыдан қосымша ешқандай әрекет талап етілмейді. Қорғаныс жүйесі қазірдің өзінде іске қосылған.
Mobiuz мәліметінше, жүйе 2025 жылғы қыркүйектен бері жұмыс істеп келеді және бір ай ішінде алаяқтардан келіп жатқандардың мыңдаған қоңыраулары абоненттерге жетпей бұғатталған.