Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жалған ақпарат таратқадық үшін жауапкершілік белгіленді
11:51 / 2020-12-27

Өзбекстанның кейбір кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Президент қол қойды, деп хабарлайды Әділет министрлігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникацияларда немесе Интернетте адамды қорлауға немесе беделін түсіруге әкеп соқтыратын жағдайларға ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінде (11 150 000 сум) айыппұл салу заңмен бекітілді.

Егер таратылған жалған ақпарат қоғамдық тәртіпке немесе қауіпсіздікке қатер төндірсе, оны таратқан адамға ЕТЖ-ның 100 еселенген мөлшерінде (22,3 млн.) айыппұл салынуы мүмкін.

Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға ең төменгі жалақының 400 еселенген мөлшерінде (89,2 миллион сум) айыппұл салынады немесе бірнеше рет қылмыс жасаса, үш жылға бас бостандығынан айырылады.