Өзбекстанда жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өседі
Өзбекстан Президенті «Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін арттыру туралы» жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 15 пайызға өседі. Онда:
- - зейнетақы есептеуінің базалық мөлшері – 428 мың сум;
- - жасқа байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшері – 834 мың сум;
- - мүгедектік зейнетақысының ең төменгі мөлшері айына 920 мың сум болып белгіленді.
2024 жылдың 1 қазанынан бастап:
- бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, сондай-ақ мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, арнайы орта, кәсіптік және мектептен тыс білім беру мекемелері мен ұйымдары, «Муруват» интернат үйлері, балалар мен жетімдер үйлері, балалар санаторийлерінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға көтеріледі,
- бюджеттік ұйымдардың басқа қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға көтеріледі;
- еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері – айына 1 155 000 сум;
- базалық есептеу мөлшері 375 мың сум болып белгіленді.