Өзбекстанда жаңадан екі банкке қызметін жолға қою үшін лицензия берілді
Өзбекстанның Орталық банкі екі жаңа банкті – Apex Bank және Hayot Bank-ты тіркеп, оларға банктік қызметке лицензия берді.
«Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің басқармасы Ташкент қаласында «APEX Bank» және «Hayot Bank» акционерлік қоғамын тіркеу және банк қызметін жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім қабылдады», делінген Орталық банк хабарында.
Еске сала кетейік, Орталық банк басқармасының 2023 жылғы 16 наурызда өткен жиында базалық мөлшерлемені 1 пайызға төмендетіп, жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.