Өзбекстанда жаңа тыңайтқыш зауытының құрылысы басталды
Жаңа зауыт Бұхара облысындағы ірі өндіріс орындарының біріне айналмақ.
Кипрдің Ferkensco Management Limited инвестициялық компаниясы Өзбекстанның Бұхара облысында тыңайтқыш шығаратын зауыт салуда.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зауыт аммиак пен карбамид өндірісін 2026 жылдың қаңтарында бастайды.
500-ден астам адам жұмыс істейтін кәсіпорында 495 мың тонна аммиак пен 594 мың тонна карбамид өндіріледі. Шикізат ретінде газ, ауа және бу қолданылады. Зауыт құрылысы 2023 жылдың соңғы тоқсанында, ал өндірісі 2026 жылдың қаңтарында басталады деп күтілуде.
Зауыт құрылысына құйылған инвестиция көлемі 600 миллион долларға тең болып, кәсіпорын құрылысына Өзбекстанның «Enter Engineering» және Швейцарияның «Casale SA» компаниялары ынтымақтастық жасайды, делінген хабарламада.