Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жаңа мереке, Халықтар достығы күні белгіленді
08:34 / 2021-02-11

30 шілде Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі ретінде тойланбақ.

Атаулы жаңа мерекелік күн Мемлекет басшысының қаулысымен ресми түрде қабылданып, ел аумағында кеңінен тойланатын болды.  

Халықтар достығы күнін мереке ретінде атап өтудің басты мақсаты - ынтымақтастықты, толеранттылықты, ұлтаралық келісімді нығайту және адамдар, мемлекеттер мен жалпы қоғамның әртүрлі құрылымдары арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту.

29 желтоқсанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 30 шілде Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өтуі жайлы айтып, бұл датаны Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» ретінде белгілеуді ұсынған болатын.