Өзбекстанда NCR компаниясымен бірлесіп жаңа буын банкоматтарын шығару жолға қойылуы мүмкін.
«Узэлтехсаноат» бірлестігінде NCR компаниясының Венгриядағы арнайы өкілі Йозеф Ковачпен Өзбекстанда жаңа буын автоматтандырылған жүйе банкоматтарының өндірісін іске қосу мәселесі бойынша бейне-байланысты кездесу өтті.
Онлайн форматта өткен кездесуде, NCR компаниясының өкіліне Өзбекстанда инвесторлар үшін жасалған жағдай, бірқатар жеңілдіктер мен мемлекеттік құқықтық кепілдіктер туралы ақпарат айтылды.
Өз кезегінде Йозеф Ковач бұл бағыттағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтып, алдағы уақытта бұл мәселе бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
NCR компаниясының штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан болып, әлемнің 160 елінде 34 мыңнан астам қызметкері бар. Негізгі қызмет түрі – бөлшек сауда, банк, қаржы және медициналық секторлар үшін мамандандырылған төлем терминалдар, банкоматтар, штрих-кодтарды оқу құрылғыларын шығару. Жылдық тауар айналымы 4,61 млрд долларды құрайды.