English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жаңа бес су электр станциясының құрылысына жеке компаниялар тартылады
16:33 / 2023-08-21

«Узбекгидроэнерго» АҚ бес жаңа су электр стансасын салуға алғашқы тендер жариялады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан үкіметі елдегі электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін үнемді және экологиялық таза өндіріс құру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың ауқымды стратегиясын жүзеге асыруда.

Осы мақсатта «Узбекгидроэнерго» акционерлік қоғамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа су электр стансаларының бірінші лотын сатып алуды жолға қоюда. Бірінші лотқа қауіпсіздік инфрақұрылымын қоса алғанда, жалпы қуаты шамамен 46,6 МВт болатын бес жаңа су электр станциясының құрылысы кіреді.

«Қизилдарё», «Сувлисой», «Дукентсой», «Қамчиқ» және «Күйи Куксув» су электр станцияларының құрылысының құны 106,9 миллион долларды құрайды. Олар жылына 179 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.