Өзбекстанда жаңа оқу жылынан мектептерде сабақ 3 сценарий бойынша болады
Нақты шешім Республикалық арнайы комиссияның қаулысында жарияланатын болған
Өзбекстан Білім миистрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі мен басқада жауапты мекемелер жаңа оқу жылында мектеп сабақтары қай негізде бастау туралы мәселе үстінде бас қатыруда. Білім министрлігінің жоспары бойынша 3 сценарий бойынша жұмыс жасайтындығы айтылған.
1-сценарий: Пандемия тұрақтанған жағдайда, мектептер қалыпты жұмысын жалғастырады. Бұл министрлік пен оқушылару үшін ең қолайлы нұсқа. Халықаралық тәжірибеде мектеп жасындағы балалардың жұқпалы ауруға шалдығуы және олардан ересектерге жұғу қаупі аз екенін көрсеткен;
2-сценарий: Егер Денсаулық сақтау министрлігінің Өзбекстандағы балаларда вирустың таралуы туралы тұжырымы күткендей нәтиже бермейтін болмаса, онда білім беруді онлайн режимінде жалғастыруға тура келуі мүмкін;
3-сценарий: Гибридті нұсқа. Яғни мұнда мектептер ашылады. Бірақ білім мекемелері сынып жүйесіне ауысады. Мектептегі жағдайға байланысты, белгілі бір аймақта ғана оқушылар білім алуды онлайнды түрде немесе мектеп қабырғасында жалғастыратын болады.
Нақты шешім Республикалық арнайы комиссияның қаулысында жарияланатын болған.