Өзбекстанда зейнетақы мен жәрдемақыны банк картасымен алушыларға ай сайынғы зейнетақы мен жәрдемақылардың 1 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес 2022 жылғы 1 мамырынан бастап:
- «Темір дәптер», «Жастар дәптері» және «Әйелдер дәптері» қатарына енгізілген және жазасын өтеп шыққандарға төленетін төлемдер әр айдың 5-іне дейін қаржыландырылады және Халық банкінің жылжымалы кассалары арқылы махаллаларға жеткізіледі;
- Халық банкі зейнетақы, жәрдемақы және материалдық көмекті азаматтарға қолма-қол жеткізу қызметтері үшін Зейнетақы қоры және бюджеттен 1% мөлшерінде банкке қызметақы төлейді;
- Зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы және материалдық көмек ақысын банк карточкалар бойынша алушыларға ай сайынғы зейнетақы мен жәрдемақының 1 пайызы мөлшерінде қосымша төлем жасалады;
2022 жылдың 1 қыркүйегіне қарай әскерилендірілген зейнетақы жүйесі автоматтандырылып, зейнетақы кітапшасын жүргізу тәжірибесі жойылады.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 қазанына дейін 1800 банкомат әкелініп, шалғай елді мекендерге орнатылады.
2022 жылдың соңына қарай зейнетақы және жәрдемақы алатындардың қаражатын қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін банктің жаңа мобильді қосымшасы әзірленеді.
Осы қаулыда белгiленген iс-шараларға байланысты шығыстарды қаржыландыруға қажеттi қаражат бюджеттен тыс Зейнетақы қоры және тиiстi мақсатты қорлардың қаражаты есебiнен, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебiнен бөлiнеді.