English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда зейнетақы, жәрдемақы, жалақы өседі
11:52 / 2023-03-29

2023 жыл 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы, 1 мамырдан бастап жалақы 7 пайызға өседі.

Өзбекстан Республикасының Президенті «Жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін арттыру туралы» жарлыққа қол қойды.

Халықтың өмір сүру деңгейін және азаматтардың табысын арттыруға бағытталған шараларды қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 7 пайызға өседі.

Бұнда:

- зейнетақы есептеуінің базалық мөлшері – 347 000 сум;

- жасы бойынша ең төменгі зейнетақы – 677 000 сум;

- жұмыс өтілі толық болмаған жағдайда зейнетақының ең төменгі мөлшері қосымша төлемді ескере отырып, 747 000 сум болып белгіленді.

2023 жыл 1 мамырдан бастап жалақы 7 пайызға өседі.

Бұнда:

- еңбек ақысының ең төменгі мөлшері – 980 000 сум (бұрын 920 000 сум болатын);

- базалық есептеу бойынша мөлшері 330 000 сум болып белгіленді (бұрын ол 300 000 сум болатын).