Өзбекстанда зағип балалар тұратын аумақтарға дыбыстық бағдаршамдар орнатылатын болады.
Осыған орай «Зағип және нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда білім беру сапасын арттыру және қызметін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар Ішкі істер министрлігіне біріктіріледі және олра «Нурли Маскан» мамандандырылған мектеп-интернаттары болып аталды.
Сондай-ақ, Республикалық клиникалық офтальмология ауруханасы, Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы орталығы, Ташкент медицина академиясы, Ташкент педиатриялық медицина институты және басқа да емдеу мекемелерінің білікті дәрігерлерін тарта отырып, «Нурли Маскан» мектептерінің оқушыларын емдеу және оңалту тәжірибесі жолға қойылады.
Барлық «Нурли Маскан» мектептерінің аумағына бейнебақылау құрылғылары орнатылып, оған аумақтық құқық қорғау органдары жауапты болады.