Өзбекстанда қылмысты анықтауда геномдық ақпарат қолданылады
Заң шығару палатасының кезекті сессиясында депутаттар «Геномдық ақпаратты мемлекеттік тіркеу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады
2020 жыл 14 қазандағы Заң шығару палатасының кезекті сессиясында депутаттар «Геномдық ақпаратты мемлекеттік тіркеу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады.
Парламент сайттың мәліметінше, геномның ақпараттық базасын қолдана отырып, қылмысты ашу механизмін енгізу күрделі, өте ауыр немесе бұрын анықталмаған қылмыстарды ашуға, ал геномдық ақпараттың бірыңғай базасын құру хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтауға көмектеседі.
Заң жобасы геном бойынша мемлекеттік тіркеу саласындағы құзыретті органдардың құқықтары мен міндеттерін, геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптарды, геном бойынша мемлекеттік тіркеуге қою тәртібін, биологиялық материал мен геном туралы ақпаратты алу, есепке алу, сақтау, пайдалану және оны жою тәртібі анықталуда.
Бұл заңның қабылдануы биологиялық айғақтардың көмегімен жасалған қылмыстарды ашуға және сот органдарының дәлелдемелік базасын нығайтуға көмектеседі. Соның негізінде жиындағы талқылаудан кейін заң жобасын депутаттар қабылдады.