Өзбекстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 30 миллионға жуықтады
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 30 миллионға жуықтады.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда мобильді радиотелефон абоненттерінің саны 29,9 миллионға жетті.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өскен. 2021 жылдың сәуір айында Өзбекстанда ұялы байланыс желісіне қосылған абоненттер саны 26,9 миллионға жеткені айтылған болатын.