Өзбекстан аумағында ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионға жуықтады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі сай, 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ұялы байланыс желісіне қосылған абоненттер саны 26 млн 953,5 мыңды құраған.
Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% немесе 2 млн 636,8 мыңға артты.
Нақты дерек бойынша тұрғындар арасында ұялы байланыс желісіне 24 млн 795,4 мың абонент тіркелген және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,1% немесе 1 млн 424,1 мыңға өскені байқалады.
Қазіргі уақытта ел тұрғындарының ұялы байланысқа қосылғандарын 100 адамға шаққанда 72 бірлікті құрауда.
Өткен жылдар ішінде ұялы байланыс жүйесіне қосылған абоненттер саны статистикасы:
2019 жыл 1 сәуір - барлығы 21 960,2 мың, тұрғындар саны 21 331,2 мың;
2020 жыл 1 сәуір - барлығы 24 316,7 мың, тұрғындарда 23 371,3 мың;
2021 жылдың 1 сәуірі - барлығы 26 953,5 мың, халқы 24 795,4 мың.