Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы жалпы орта білім беретін мектептердің ұлттық рейтингі жарияланды
18:15 / 2020-10-22

Білім беру сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция республикадағы жалпы орта білім беретін мектептердің ұлттық рейтингін жариялады


Білім беру сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция республикадағы жалпы орта білім беретін мектептердің ұлттық рейтингін жариялады.

Рейтинг бойынша, Бұқара, Наманган және Хорезм облыстарындағы мектептер ең жоғары нәтижеге қол жеткізген, ал Сырдария, Ташкент және Сұрхандария облыстарындағы мектептер ең төменгі деңгейдегі білім ошақтары деп табылған.

Ұлттық рейтингті жасау 2019 жылдың 3 қазанынан 18 желтоқсанына дейінгі барлық аудандар мен қалалардағы 992 жалпы білім беретін мектептерде, шамамен 10 мың мектептің 10 пайызында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілгені айтылған.

Онда, жергілікті және халықаралық тәжірибеге сай, сарапшылардың пікірлеріне сүйене отырып, мектептер рейтингін құрудың негізгі критерийі ретінде 4 кезең бойынша қабылданған:
  • Мектеп бітіруші оқушылардың (11-сынып) жалпы білім оқулықтары бойынша дайындық деңгейі мен сапасы (35 балл);
  • 9-сынып оқушыларының білім деңгейі (25 балл);
  • Жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі (20 балл);
  • Орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері (20 балл).
Слайд4.JPG

Рейтингтік көрсеткіштерде жалпы нәтиженің 60 пайызын оқушылар білім деңгейін көрсетеді.

«Осы көрсеткіштер негізінде 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мектептердің рейтингі жасалды. Аймақтар аралығында ең жоғары көрсеткішке ие болғандар Бұқара, Наманган және Хорезм облыстары орын алып, ал Сырдария, Ташкент және Сурхандария облыстары ең төмен нәтиже көрсеткен», - деп хабарлайды білім инспекциясы.

11 сынып оқушылары ЖОО-ға кіру бойынша жасалған рейтингкте Ташкент (10,2%), Науаиы (10,2%), Қарақалпақстан Республикасы (10,4%), Ферғана (10,7%) және Бухара (16,5%) қалалары жоғары көрсеткіштерге ие болған.

«Биыл ел аумағындағы 10 пайыз мектептер рейтингі жасалған болса, алдағы жылдары талшықты-оптикалық интернетке қосылған мектептер санының артуына байланысты заманауи ақпараттық коммуникацияларды тиімді қолданумен осы рейтингте 100 пайыз мектептерді қамту жоспарлануда», - деп хабарлады білім инспекциясы.