Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы теміржол станцияларына валидатор қою жоспарлануда
08:15 / 2020-03-05

Тіпті белетті онлайн түрде қайтару мүмкіндігі бар


Өзбекстандағы теміржол станцияларында тіркеу жүйесі оңай әдіске көшірілетін болып, алдағы уақытта жолаушылар кассаға барып белет алулары міндетті болмайды.

Өзбекстан темір жолдары баспасөз қызметінің хабарынша, жолаушылар белетті онлайн түрде сатып алып, пойызға шығарда ұялы телефондағы электронды белет QR немесе штрих-кодты экранға жақындастырса жеткілікті. Сондай-ақ осы жүйе арқылы жолаушы пойыздың вагондарын да бақылай алады. Тіпті белетті онлайн түрде қайтару мүмкін.

Мұндай жүйе осы жылдың 1 наурызынан бастап жергілікті теміржолшылар халықаралық бағыттар бойынша жүретін барлық жолаушы пойыздарында электронды тіркеу бастаған. Тағыда айтарлы жағымды тұсы қазірде пойыздарда тест режимінде Wi-Fi іске қосылған болып, ол жоспардағыдай жұмыс жасайтын болса алдағы уақытта барлық пойыздар интернетпен қамтылмақ.