English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы түрмелер мен тұтқындардың саны ашық дереккөзде жарияланатын болады
11:18 / 2020-05-26

Өзбекстанда бас бостандығынан айыру жазасы мен жазаны орындауға қатысты бірқатар ақпарат құпия деректер базасынан ашық дереккөздер қатарына енгізілмек


Өзбекстанда бас бостандығынан айыру жазасы мен жазаны орындауға қатысты бірқатар ақпарат құпия деректер базасынан ашық дереккөздер қатарына енгізілмек. Бұл туралы 22 сәуірде Министрлер Кабинетінің тиісті шешімі қабылданған.

Әділет министрлігінің мәліметінше, атаулы қаулыға сәйкес келесі ақпараттар ашық дереккөздер базасында жарияланады:
  • Ішкі істер министрлігінің жазаны өтеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталған адамдардың саны туралы ақпарат,
  • Ішкі істер министрлігінің жазаны өтеу мекемелерінде және тергеу изоляторлары саны мен олар орналасқан мекендер жайлы мәліметтер,
  • Жазаны өтеу мекемелерінің өндірістік қызметі туралы және олар шығаратын номенклатуралы бойынша ақшамен көрсетілген тауарлар жөнінде мәліметтер,
  • Ішкі істер министрлігінің жазаны өтеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталған адамдар арасындағы қайтыс болғандардың саны туралы ақпарат,
  • Жазаны өтеу мекемелерінде ұсталған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған сотталғандардың саны туралы ақпарат.