Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өзбекстан үкіметі артықша қаражатты талап етер ұлттық дәстүрге жат, ысырапшылыққа толы тойларды заң жүйесінде шектеді.
Өткен апта барысында Өзбекстан аумағында орын алған айшықты оқиғаларға қысқаша шолу.
Апта басындағы Өзбекстан үкіметі қабылдаған маңызды қарардың бірі ол азаматтардың, той жиындары мен отбасылық шараларға байланысты болып. Онда ұлттық дәстүрге жат, әдеп-ғұрыпқа сай келмейтін беймаза сән-салтанатты түрлі шоулар мен артықша уақыт және қаржыны талап ететін жанұялық той-жиындарын өткізуге заңмен тиым солынды. Сондай-ақ, үйлену тойы кезіне қоғамдық ортада келеңсіздік пен түрлі көңілсіз жағдайларға алып келмеуі үшін үш көліктен артық транспорттан пайдаланбау талап етілген.

Өзбекстан «Түркі кеңесіне» мүше болды. Бұл хабарды ресми «Түркі кеңесі» бас хатшысы Бағдад Әміреев хабарлап, 15 қазанда Бакуде өтетін түркі кеңесінің 7-ші саммитінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев бастаған бауырлас Өзбек елін ресми түрде құрметпен қарсы алатыны жайлы айтты. Бұл ретте Өзбекстан елінің экономикасы да, туризм, саласы да, мәдени тұрғысынанда қарқынды даму көрсеткіштері жоғарылайтын болады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Су ресурстарын тиімді пайдалану және оны үнемдеу жайлы жиын өткізіп Өзбекстанда келесі жыл «Ақылды су» жүйесін құру жайлы тапсырма берді.

Британияның «TopGear» телешоу бағдарламасы, Американың әлемдегі үздік табиғат әсемдіктерін насихаттайтын «NationalGeographic» журналы мен Ресейдің «VokrugSveta» журналдары алдағы уақытта Өзбекстанның туризмін әлемге танытуда өз жұмысын бастамақ.

Спорт жаңалықтарының өткен аптадағы маңызды хабарынан, грек-рим күресінен өзбекстандық бірнеше спортшы Токио олимпиадасына жолдама алды. Олар арасында Елмұрат Тасмұрадовта бар.

Өткен аптаның соңына қарай Орталық сайлау комиссиясы Жоғары Мәжіліс Заң палатасының депуттарын сайлау мерзімін жариялап, кезектегі сайлау жаңа үрдісте қабылдаған заңға сай өтуін қарастырған.
