Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бір айда Өзбекстанда инфляция 1,3 пайызға өсті
15:34 / 2020-04-01

Жыл басынан бері инфляция қаңтар және ақпан айында 0,6 – 0,8 пайызды құраған


Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша наурыз ауында Өзбекстанда тұтынушы бағасы мен тарифтердің орташа өсуі 1,3 пайызды құраған.

Жыл басынан бері инфляция қаңтар және ақпан айында 0,6 – 0,8 пайызды құраған. Осылайша 2020 жылдың алғашқы ширегінде тұтыну нарығындағы бағалар мен тарифтер орта есеппен 2,8 пайызға өсті. Баға мен тарифтердің қымбаттауы әсіресе азық-түлік тауарларында байқалған 1,9 пайыз. Ал өткен 2019 жылдың наурыз айында азық-түлік бағасы 1,5 пайызға асқан екен.

Жалпы есепте 2020 жылдың алғашқы ширегінде азық-түлік пен басқа тауарлар және қызметтер бағасы 7,5 пайызға артқан болса, өткен жылда бұл көрсеткіш 11,3 пайызға жоғарылаған.

Наурыз айында байқалған негізгі азық-түлік топтары жемістер мен көкөністер (5 пайыз), ет, құс және балық өнімдері (1,7 пайыз), май (1,3 пайыз), нан (1,2 пайыз) және сүт өнімдері едәуір қымбаттаған.