Өзбекстандағы қаржы қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша?
Ал елдегі халықтың қаншасы кедейлікте күн кешуде?
Күн санап қарыштап дамып келе жатқан бүгінгі Өзбекстан экономикасы қазірде айтарлықтай деңгейде өсті. Мұның белгілерін көп жағдаймен байланыстыруға болады. Шекаралар ашылып бірте-бірте шетелдік инвесторлардың келуі мен туристер санының артуы да ел қуаттылығына кем үлес қосып жатқан жоқ. Қазір ел ашықтық пен нақтылық бағытына бет бұрды. Мұны Мемлекеттік статистика комитетінің берген мәліметіненде аңғару қиынға соқпайды. Өйткені осы кездерге дейін елдегі заңды тұлғалардың айлық жалақысы ашық түрдекөп айтылмайтын еді.
Жуырда Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің зерттеуіне сай бір жыл ішінде сақтандыру және қаржы саласы қызметкерлерінің жалақысы 1,3 млн сумға артқан яғни 2019 жылы осы сала қызметкерлерінің орташа жалақысы 4,8 миллион сумды құрапты. Бұл елдегі заңды тұлға мәртебесіне ие азаматтардың ең жоғары алатын жалақысы болған. Ал, онда кейінгі кезекте ақпарат және байланыс саласы мамандары болып олардың орташа айлығы 4 млн сумды құраған.
Орта Азиядағы елдер арасындағы халқы ең көп елдің бүгінгі экономикасының даму сатысы сырт көзге жақсы көрінген мен бұл жағдайға қайшы келер елдегі керітартпа жағдайлардыңда мәз емес екендігі бар. Жақында ғана Президент Шавкат Мирзияев праламентке жолдауында ашық түрде елдегі кедейлік деңгейі 12-15 пайызды құрайтынын айтып, осы мәселені жуық арада түзу бағытқа сілтер жол табу мен жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін депутаттар мен сенаторларға тапсырма берді. Қазірде Өзбекстанда шамамен 5 миллиондай халық кедейлікте күн кешуде.