Республикалық арнайы комиссияның кезекті отырысының қотырындысы бойынша Өзбекстанда СOVID-19-ға қарсы вакцинация 2021 жылғы наурыздың бірінші жартысында басталады деп жоспарланды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, ең алдымен вакцина 65 жастан асқан қариялар мен үлкен жастағы азаматтар, созылмалы аурулары бар кісілер, медициналық қызметкерлер, мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, халықпен тікелей байланыста болатын құқық қорғау органдырының қызметкерлеріне салынады.
Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласында емдеу-профилактикалық мекемелері жанында барлығы 3138 емдеу бөлмелері және 820 мобильді топтар құрылған. Олар барлық вакцинация жұмыстарын кесте бойынша және кезең-кезеңімен жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар қолданылады (серіктес ұйымдар тарапынан биыл COVID-19 вакцинасын тәжірибеге енгізу үшін Өзбекстан Республикасы тұрғындарының 20% мөлшерінде коронавирустық вакцина алуға өтінім дайындап оны COVAX қорына жіберген).
Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі GAVI ұйымының COVAX қорымен, СOVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың жетекші 12 өндірушісімен осы вакциналарды сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде.