Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда халықтан құнды жәдігерлерді сатып алу порталы іске қосылды
12:34 / 2023-03-17

Өзбекстанда халықтан мәдени, құнды жәдігерлерді сатып алу порталы іске қосылды.

Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, Президенттің 2022 жылғы 27 мамырдағы 261-санды Жарлығымен іске қосылған мәдени және құнды жәдігерлерді енді «Milliyboylik.uz» платформасы арқылы өткізуге болады.

Платформаға жіберілген өтінішті агенттік қарағаннан кейін 5 күн ішінде өтініш берушімен кездесу белгіленеді. Одан кейін 30 жұмыс күні ішінде өнер сарапшылар кеңесі затты қабылдап, қарап, бағалайды.

Осыдан кейін өнер сарапшылары кеңесінің қорытындысы негізінде өтініш берушімен шарт жасалады немесе өтініш қабылданбайды.

Келісімшартқа қол қойып, затты қабылдаа алғаннан кейін жалпы соманың 15 пайызы алдын-ала төленеді, қалған 85 пайызы құнды жәдігер музейге тапсырылғаннан кейін төленеді.