Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда халықаралық ынтымақтастық бастамасы бойынша апталық жұмысын бастайды
11:45 / 2024-10-17

2024 жылдың 17-26 қазан күндері Өзбекстанда халықаралық ынтымақтастық бастамалары апталығы аясында бірқатар конференциялар өтеді.

Ташкент қаласындағы «Ренессанс-холл» кешенінде ұйымдастырылатын халықаралық конференциялардың мақсаты – шетелдік және жергілікті сарапшылар мен талдаушылар арасында Жаңа Өзбекстандағы демократиялық реформалардың мәні, қол жеткізілген жетістіктер, елде қалыптасып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және рухани-ағартушылық кеңістік пен орта, мемлекет сыртқы және ішкі саясатының басым бағыттары туралы пікір алмасу.

Апталық аясында тек Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін маңызды және жаһандық тақырыптар – «Жасыл даму, қауіпсіз туризм, азық-түлік қауіпсіздігі, заманауи агротехнологиялар және шағын бизнесті дамыту» және барлығын алаңдатып отырған мәселелер – сыртқы саясат: бейбітшілік, ашықтық және даму жолындағы келісімдер бойынша сарапшылардың талдаулары және ұсыныстарымен танысуға болады.

Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты инвестицияларды тарту, жастар саясаты мен спорт саласындағы Жаңа Өзбекстан тәжірибесі және әлемдегі үдерістер секілді бірқатар мәселелерге арналған диалог алаңы ұйымдастырылады.

Апталық аясында зерттеу және талдау орталықтары, бизнес қауымдастығы, министрліктер мен мекемелер 300-ден астам шетелдік серіктестерімен бірге 50-ден астам конференция, дөңгелек үстелдер мен практикалық кездесулер өткізеді. 

Сондай-ақ шетелдік және халықаралық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған келісімдерге қол қойылып, бірлескен жобаларды тиімді жүзеге асыруға байланысты келісімдер жасау көзделген.