Өзбекстанда халық саны 35,6 миллионнан асты
Өзбекстанда халық саны 35 603 443 адамды құрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жыл 1 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 603 443 адамды құрады.
Статистикалық дерекке сай, жалпы халықтың 17 690 386 әйелдер, 17 913 057 ер адамдар құрайтыны белгілі болды.
Сонымен қатар 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрақты халық құрамындағы ерлер саны әйелдер санынан 222 671 адамға көп екені анықталған.