Өзбекстанда халық саны 34,5 млн кісіге жетті
2020 жыл Өзбекстан Республикасының тұрақты тұрғындарының саны 653,7 мың адамға артты.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарына сай 2020 жыл 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 34,5 млн кісіге жеткен.
Халықтың тұрақты өсу қарқыны 101,9 пайызды құрап, халық саны айына орта есеппен 54,5 мың адамға өсуде.
2020 жылда күн сайын тұрақты халық орташа есеппен 1,8 мың адамға көбейген.