Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда волонтерлер қауымдастығы құрылды
15:11 / 2020-12-05

Қоршаған орта мен қамқорлыққа мұқтаж жандарға ерікті түрде қол ұшын беріп, қоғамдық жұмыстардағы қызметіне ақы сұрамайтын жандар - волонтерлердің Өзбекстанда қауымдастығы құрылды.

Әділет министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, қауымдастықтың басты мақсаты - еріктілер қызметін ұйымдастыруға, адамзатқа, толеранттылық пен ынтымақтастықты қолдауға, еріктілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту.

Қауымдастықтың құрылуын «5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күніне» лайықты сыйлық деп санауға болады, делінген хабарда.  

Еске салар болсақ, волонтерлер қызметіне заңнамалық негіз енгізу мақсатында Өзбекстанда «Волонтерлық қызмет көрсету» жайлы Президент жарлығы қабылданған.