Өзбекстанда вирустан сауыққан жандар жалпы 2900-ден асты
Бүгінге дейін 15 кісі қаза болды. Қазір ауруханаларда 837 науқас дәрігерлер бақылауында
Бүгін 2 маусым кешкі қорытынды жаңалықтар бойынша Өзбекстанда коронавирустан 49 жан сауығып шықты. Жалпы республикада 77 пайыз немесе 2908 кісі індеттен сауыққан. Бірақ сауыққан жандарға қарағанда соңғы күндері вирус жұққан азаматтар көп тіркелуде.
ДСМ-нің хабарынша бүгін тағы 58 кісіде індет анықталған. Олардың 50-і карантиндегі шетелден келгендер арасынан анықталған, қалған 8 азамат індет жұқтырғандамен байланыста болғандар. Жалпы коронавирус расталған жағдай 3760 жеткен.
Бүгінге дейін 15 кісі қаза болды. Қазір ауруханаларда 837 науқас дәрігерлер бақылауында.