Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда вирус жұқтырғандар 900-ге жуықтады
10:18 / 2020-04-13

Бүгіннен бастап Наманган қаласы мен облыстық аудан орталықтарында барлық түрдегі көлік құралдары мен азаматтардың мақсатсыз сыртқа шығуына тыйым салынды


Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны жайлы хабарлады.

Онда, «2020 жыл 13 сәуір сағат 10:00де республикада тіркелген коронавирустық науқастар саны 896 адамды құрайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бүгін ел аумағында коронавирус тіркелгеніне 29 күн болып,осы аралықта карантиндік тәртіпті бұзған 43 мыңнан астам адам белгілі болған. Сондай-ақ бүгіннен бастап Наманган қаласы мен аудан орталықтарында барлық түрдегі көлік құралдары мен азаматтардың мақсатсыз сыртқа шығуына тыйым салынды. Күніне бір реттік азық-түлік, дәрі-дәрмек және аса қажетті заттарды алуға ғана жақын маңдағы дүкендерге баруға рұқсат етілген.

Соңғы ақпаратқа сай Өзбекстанда 896 кісі ауруға шылдығып, олардың 66 емделген. 4 азамат көз жұмды.