English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда вакцина бірінші болып кімдерге салынатыны белгілі болды
21:40 / 2020-12-22

Коронавирусқа қарсы вакцинаны Өзбекстанда бірінші болып 65 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілері алатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX альянсы арқылы 2 миллион доза вакцина алуға өтініш берген және бұл өтініші қабылданған, деді санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Нурмат Атабеков. 

Оның айтуынша, қайсы бір вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақұлданғаннан кейін, оны Өзбекстанға әкелгенде, вакцина алдымен 65 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне егіледі.