Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда вакцина алған студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдік жасалады
13:23 / 2021-07-04

Өзбекстанда коронавирустық вакцинация тобына студенттер да енгізілді. Вакцина алған студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдік жасалатын болады.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен жалпы вакцинацияға қатысатын топтардың саны кеңейтілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша:

  • 18 жастан асқан Самарқанд және Ташкент облысы тұрғындарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып басқа аймақтардағы 18 жастан асқан тұрғындарды өздері бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне ерікті түрде вакцинациялау енгізілді;
  • Ел аумағында өз қызметін жолға қойған барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында оқитын 18 жастан асқан, қазіргі уақытта бакалавриатта, магистратурада және ординатурада оқып жатқан студенттер мемлекеттік бюджет есебінен коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті түрде жаппай вакцина қабылдау енгізілді.

Коронавирустық инфекцияға қарсы өз еркімен вакцинацияланған ақылы негізде оқитын студенттерге ұйымдық формасына қарамастан 2021/2022 оқу жылына арналған негізгі төлем келісімшартының 10 пайызы мөлшерінде бір реттік жеңілдік беріледі.