Өзбекстанда умра қажылығын ұйымдастыруға лицензия енгізілуде
Өзбекстанда умра қажылығын ұйымдастыруға лицензия енгізілуде
Өзбекстан аумағында умра қажылығын құқықтық реттеу, қажылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында осындай іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге лицензия енгізілуде.
Олий Мажлис заң шығарушы палатасы «Лицензиялау, рұқсат беру және хабарлау тәртібі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Депутаттар аталмыш заң жобасының қажеттілігін ескеріп, оны жетілдіру бойынша партияның ұстанымына байланысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Заң бастамашылары айтылған ұсыныстардың орынды екенін айтып, жобаны пысықтау кезінде ескерілетінін жеткізді. Қызу талқылаулардан, сұрақ-жауаптардан кейін заң жобасы қолдау тапты.