Өзбекстанда туу көрсеткіші азайды
Өзбекстанда жаңа жылдың алғашқы күнінде туған сәбилер соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсеткен.
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің хабарынша, 2021 жылдың 1 қаңтары күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда 1644 нәресте дүниеге келді.
Ондағы мәліметкен қарағанда, бұл соңғы 4 жылдағы ең төменгі көрсеткіш екені айтылған. 2018 жылы дәл осы күні 1961, 2019 жылы - 1708, ал 2020 жылы - 1974 сәби дүниеге келген екен.
2021 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәбилердің 810-ы қыз, 834-і ұл балалар.