English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда тәулік бойы жұмыс істейтін сауда және ойын-сауық көшелері пайда болады
11:45 / 2021-05-12

2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Өзбекстанның барлық ірі қалаларында, облыстық және аудандық орталықтарда бастамашыл кәсіпкерлермен бірлесіп 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейтін сауда және ойын-сауық көшелері ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысының «Қызмет көрсету саласын дамытуды жеделдету туралы» Жарлығына сәйкес, сауда және ойын-сауық көшелеріндегі көшпелі сауда орындары кәсіпкерлерге электронды онлайн аукциондар негізінде сатылатын болады, барлық кәсіпкерлер қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тәулік бойы жұмыс істеу құқығына ие болады.

Осы жағдайға орай Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиямен бірге бір ай ішінде Үкімет қаулысының жобасын Министрлер Кабинетіне енгізеді, онда сауда және қызмет көрсету объектілерінің 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеуі үшін жеңілдетілген қоғамдық қауіпсіздік талаптарын белгілеу қарастырылған.

Қызмет көрсету саласын дамыту үшін Қайта құру және даму қорынан коммерциялық банктерге 300 миллион доллар несиелік желі ашылады.