Өзбекстанда төрт күндік үзілістен кейін коронавирусқа қарсы вакцинация қайта басталды
Өзбекстандағы халықты вакциналау аясында төрт күндік үзілістен кейін коронавирусқа қарсы вакцинация процесі қайта басталды.
17 мамырда республикада COVID-19-ға қарсы жалпы 61 546 адамға вакцина егілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның 14989-ы бірінші доза алған, 46557 азаматқа вакцинаның екінші дозасы егілген.
2021 жыл 1 сәуірде басталған вакцина науқаны барысында жалпы коронавирустық вакцинаның 1 346 761 дозасы қолданылған болып, оның 236 660 дозасы екінші екпеде жұмсалған. Осыған байланысты елде вакцина қабылдағандар жалпы саны 1 110 101 құрауда.
Естеріңізге сала кетейік, Ораза айт мерекесіне орай елде жарияланған төрт күндік демалысқа байланысты ешкімге вакцина егілмеді. 17 мамырдан бастап вакцинация процестері жалғасуда.