Өзбекстанда Түркиялық кәсіпкерлердің кәсіпорындары саны күрт өсті
2021 жылы Түркия Өзбекстандағы жаңа шетелдік капиталы бар компаниялар саны бойынша бірінші орынға шықты. Бұған дейін Қытай капиталы қатысуындағы кәсіпорындар көш бастап келген болатын.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы түрік капиталының қатысуымен 407 жаңа кәсіпорын құрылды. Кейінгі орында Ресей (356 компания), үшінші орында Қытай (266).
Дегенмен кәсіпорынның жалпы саны бойынша Ресей әлі де көш бастап келеді – 2309 компания. Екінші орында Қытай (1927), үшінші орында Түркия (1882).