Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда тұрғындар маска тағу режиміне қайта ма?
17:11 / 2022-07-02

Эпидемиология және жұқпалы аурулардың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Рустам Икрамов Өзбекстан аумағында медициналық маскаға қатысты мәліметпен бөлісті.

– Әзірге қоғамдық орындарда медициналық бетперде тағу туралы Республикалық арнайы комиссияның шешімі келмеді, бірақ денсаулық пен сақтық үшін медициналық маска киюге кеңес береміз. Қазіргі уақытта коронавирустың омикрондық штаммы жиі кездесуде. Ауру жұқтырғандардың 90 пайызы екпе алмаған азаматтар. Қалған 10 пайызы екпе алғанына 1 жылдан асқан, иммунитеті төмен азаматтар немесе жүкті әйелдер мен балалар.

Бүгінге дейін тіркеуден өткен вакциналардың барлығы өз тиімділігін көрсетіп отыр және осыған байланысты бұл вакциналар ел аумағында қолданыста болады.