Өзбекстанда трактор өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 72,5 пайызға төмендеді
Өзбекстанда трактор өндірісі едәуір азайды. Өткен жылмен салыстырғанда 72,5 пайызға төмендеген.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, соңғы 6 айда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнеркәсібінде барлығы 173 трактор шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,5 пайызға төмен.
Зауыттан шыққан тракторлар саны (қаңтар-маусым аралығында):
- 2019 жыл - 602 дана;
- 2020 жыл - 630 дана;
- 2021 жыл - 173 дана.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнеркәсібінде барлығы 383 культиватор шығарылған болып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,1 пайызға азайғанын көрсеткен.