Өзбекстанда ТМД аймақтарының бірінші форумы өтеді
ТМД өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық кеңесінің отырысында ТМД елдерінің өкілдері Достастық өңірлерінің бірінші форумын 2022 жылы Өзбекстанда өткізу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің сайтында хабарланды. Онлайн форматта өткен шарға Өзбекстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның өкілдері қатысты.
«Кездесуге қатысушылар ТМД елдеріндегі өңіраралық және трансшекаралық ынтымақтастықтың жай-күйін, 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру барысын талқылап, ұйымның жаңа тұжырымдамасының жобасын қарады. Сондай-ақ жиында ТМД өңірлерінің бірінші форумын өткізу тұжырымдамасы талқыланып, оны 2022 жылы Өзбекстанда өткізу туралы шешім қабылданды.